Глиноземнің дисперсті сипаттамасын басқару
«Қазақстан алюминийі» АҚ филиалы – Павлодар алюминий зауыты (ERG) глинозем өндірісіне мамандандырылған. Өндірістік қуаты жылына ~1,5 млн. тонна, қолданылатын технологиясы - Байер-күйежентектеу. Қазіргі таңда зауыт ұнтақты глинозем өндіреді ("-45" фракциялық көлемі ~50-60% құрайды). Ірі түйірлі глинозем (фракциясы "-45" - 25%) мен сэнди тұрпатты глиноземнің (фракциясы "-45" - 10%) анағұрлым сапалы өнімдерін өндіруге өту мақсатында біз техникалық және экономикалық тұрғыдан кілтті күйінде енгізуге глиноземнің дисперсті сипаттамаларын басқарудың тиімді жүйелерін іздейміз.
Идея ұсыну