«Шұбаркөл көмір» АҚ (ERG) Қазақстан Республикасындағы ең ірі энергетикалық көмір өндірушілерінің бірі болып табылады. Кокс химия өндірісінде спецкокс өндіру кезінде жыл сайын 50-ден 100 мың тоннаға дейін спецкокстың ұсақ фракциясы түзіледі. Спецкокстың қолжетімді ұсақ фракциясын қайта қолдану (оның ішінде қосылған құны бар жаңа өнім өндіру) бойынша экономикалық тұрғыдан мақсатқа сай шешімдер іздестіріледі.