Көмір күлін және күл-қож қалдықтарын қайта өңдеу
ERG компаниялар тобының қызметі шеңберінде Екібастұз көмірін жағудан күлдің үлкен көлемі қалыптасады. Қазіргі уақытта жыл сайын 5,7 млн. тоннаға жуық өнім өндіріледі. «МЕМСТ 25818-2017 Бетондарға арналған жылу электр станцияларының ұшпа күлдері» жіктемесі бойынша топтың күлі қышқыл болып табылады (құрамы SiO2 – 60,3%, Al2O3 – 27,2%, Fe2O3 – 5,53%). Көмір күлін және күл-қож қалдықтарын қайта өңдеу бойынша экономикалық тұрғыдан тиімді технология іздестіріледі.
Идея ұсыну